Қазақстан Олимпиада жүлдегерлерінің сыйақы мөлшері бойынша ТОП 3 кірді
Рейтинг cnbc.com сайтында жария болды. Оған сәйкес Бейжің Олимпиадасында ең көп сыйақы Сингапур спортшылары үшін белгіленген.
Алтын медаль иеленген Сингапур спортшысы $737 мың, күміс жүлдегері $369 мың, қола медалін жеңіп алған спортшы $184 мың алады. Қазақстан екінші орынды иеленіп, Азияның жолбарыс елдері арасында тұр. ТОП үштікке Малайзия кірді. Қазақстан Олимпиада жүлдегерлеріне $250, $150 және $75 мың сыйақы бекіткен болатын. Сондай-ақ, 4,5,6 орынға ие болған спортшыларға сәйкесінше $30, $10 және $5 мың тиесілі. Әзірге қазақстандық спортшылар медаль алған жоқ. Ал Абзал Әжіғалиевке бір қадам жетіспеді, ол шорт-тректен төртінші орынға ие болды.