Қазақстан мен Сан-Марино арасында визасыз режим енгізіледі

✈️ Путешествия
13.11.2023
Просмотров: 385

8 қарашада екі ел арасында визалық талаптардан өзара босату туралы келісімге қол қойылды. Бұл туралы сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров мәлімдеді.

Шартқа сәйкес Қазақстан мен Сан-Марино Республикасының азаматтары туристік, іскерлік және басқа да мақсатта бір реттік немесе бірнеше рет іссапарға бару үшін әрбір 180 күн ішінде 90 күннен аспайтын мерзімге визалық талаптардан босатылады. Айта кетсек, Сан-Марино барлық жағынан Италиямен қоршалған, әлемдегі ең кішкентай мемлекеттердің бірі. Халық саны 34 мың адамды құрайды.

Дереккөз: Спутник

Так же вам может быть интересно