Қазақстан мен Өзбекстан автобус қатынасын қайта іске қосты

✈️ Путешествия
13.04.2022
Просмотров: 171

Күн сайын Ташкенттен Алматыға төрт автобус қатынайды. Билеттің бағасы 8 мың теңге.

Сондай-ақ, Өзбекстан астанасынан Нұр-Сұлтан, Қызылорда, Туркістан және Шымкент бағыттары бойынша автобустар жүреді. Еске сала кетейік, екі ел арасындағы халықаралық автобус қатынасы екі жыл бұрын пандемияға байланысты тоқтаған еді. 16 наурыздан бастап Ташкенттен Қазақстанның қалаларына автобустар қайта жүре бастайды деп айтылған болатын. Алайда шешім кейінге қалдырылды.

Ташкент — Алматы: 16:00, 17:00, 18:00, 19:30 (200 мың сум, 8 мың теңге).
Ташкент — Қызылорда: 19:00 (200 мың сум, 8 мың теңге).
Ташкент — Нұр-Сұлтан: 18:00 (350 мың сум,  14 мың теңге).
Ташкент — Туркістан: 19:00 (100 мың сум 4 мың теңге).
Ташкент — Шымкент: 12:00 (60 мың сум, 2400 теңге).

Дереккөз: Gazeta.uz

Так же вам может быть интересно