Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы автобус қатынасы 2 жылдан кейін қайта жанданады
16 наурыздан бастап Ташкенттен Нұр-Сұлтан, Алматы, Қызылорда, Түркістан, Іргеліге дейін автобустар іске қосылады.
Сондай-ақ Шыршық – Шымкент пен Шыршық – Алматы маршруты қайта жанданады. Еске сала кетсек, екі ел арасындағы халықаралық автобус қатынасы тура екі жыл бұрын, 2020 жылдың 16 наурызында пандемияға байланысты тоқтаған еді.
Дереккөз: Stan.kz
Фото: Tashtrans.uz