Қазақстан мен Макао визасыз режим туралы келісімге қол қойды
Келісім күшіне енгеннен кейін қазақстандықтар Макао аймағына визасыз кіріп, 14 күнге дейін бола алады. Макао тұрғындарының да осындай мүмкіндігі бар.
Бірақ, сапар мақсаты – туризм не транзит болуы тиіс. Қазақстандықтар Макаоға, Макао азаматтары Қазақстанға оқуға, жұмыс істеуге немесе сол елде тұруға визасыз бара алмайды. Еске салсақ, былтыр 10 қарашадан бастап Қазақстан мен Қытай 30 күн мерзімге көршілес елге визасыз бару туралы келісімге қол қойды. Алайда, бұл рұқсаттың Қытайдың арнайы әкімшілік аудандары – Гонконг пен Макаоға қатысы болмаған.
Дереккөз: Қазақпарат