Қазақстан Мароккомен визасыз режим орнату туралы келісімге қол қойды

✈️ Путешествия
27.09.2024
Просмотров: 358

Енді екі ел азаматтары кіру, шығу, транзитпен өту және уақытша болу үшін визалық талаптардан босатылады.

Осылайша қазақстандақтар алты ай сайын 30 күн бойы Мароккода визасыз қыдырып жүре алады. Бұл туралы СІМ баспасөз қызметі хабарлайды. Келісім тараптардың қажетті ішкі мемлекеттік рәсімдерді аяқтағаны туралы соңғы жазбаша хабарламаны дипломатиялық арналар арқылы алған күннен бастап 30 күнтізбелік күн өткен соң күшіне енеді. Марокко — Африкадағы ең көрікті елдердің бірі. Ою-өрнектермен және әшекейлермен әдемі безендірілген ғимараттар көдің жауын алады.

Фото: Pixabay

Так же вам может быть интересно