«Қазақстан халқына» қоры көмекке өтініш қабылдауды бастады

🇰🇿 Новости Казахстана
04.02.2022
Просмотров: 299

www.qazaqstanhalqyna.kz сайтында қаражаттың көлемі мен жұмсалуы бойынша барлық мәлімет қолжетімді.

Ал көмекті алу үшін алдымен «Өтінішті қалай бере аламын» бөліміне өту керек. Одан кейін қайырымдылық ұйымдарының бірыңғай платформасы — www.atamekenim.kz сайтына кіру қажет. Ол eGov.kz электронды үкімет порталының кейбір мәліметтер базасымен біріктірілген. Алдағы уақытта портал барлық деректер базасымен интеграцияланады.Бүгінгі таңда сайтта денсаулық сақтау, білім және ғылым, тұрғын үй, негізгі қажеттіліктер және тағы басқа салаларда жұмыс істейтін 86 қайырымдылық ұйым тіркелген.  Өтінішті қарау үшін қор қызметінің әрбір бағыты бойынша сараптамалық комиссиялар құрылады.

Дереккөз: Спутник 

Так же вам может быть интересно