«Қазақстан халқына» қоры 850 білім грантын бөлді
Осылайша әлеуметтік осал топтағы талапкерлер жоғары білім алуға қол жеткізе алады.
Гранттар бакалавриат бағдарламасы бойынша беріледі. Өтініш берушілерге қойылатын критерийлер:
— ауылдық жердегі, шағын және моноқалалардағы аз қамтылған отбасылардан шыққан;
— жетім балалар немесе кәмелетке толғанға дейін ата-анасының қамқорлығынсыз қалғандар;
— мүгедектігі бар;
— мүгедек балаларды тәрбиелеп отырған отбасылардан шыққан;
— 2022 жылғы қаңтардағы қайғылы оқиғалар кезінде қайтыс болған Қазақстан Республикасы азаматтарының балалары;
— 2022 жылғы қаңтардағы қайғылы оқиғалар кезінде жараланған балалар.
Толығырақ qazaqstanhalqyna.kz сайтында білуге болады, деп хабарлайды Қазақпарат.
Фото: Unsplash