Қазақстан әйелдер құрамасы Шахмат Олимпиадасында үздік үштікке енді
Үндістанда өтіп жатқан турнирдің 9-ыншы кезеңінде біздің шахматшылар Болгария құрамасын 3:1 есебімен жеңді.
Жеңіске Жансая Әбдімәлік пен Гүлісхан Нақбаева жетті. Ал Бибісара Асаубаева мен Ксения Балабаева ойынды тең есеппен аяқтады. Қазақстанның еншісінде – 7 жеңіс, 1 тең ойын және 1 жеңіліс. Айта кетсек, Халықаралық шахмат федерациясы Бибісара Асаубаеваны әйелдер арасында Азияның үздік шахматшысы де таныды.
Дереккөз: ҚазАқпарат