Қазақ тіліндегі «Аватар: Су жолы» тарихи рекорд орнатты

🎬 Кино
07.01.2023
Просмотров: 230

Қазақ тіліне дыбысталған Джеймс Кэмеронның туындысын 42 мыңнан астам көрермен тамашалап, фильм 69 млн теңге касса жинаған. Бұл голливуд фильмдерінің қазақ тіліне жасалған дубляж тарихындағы рекордтық көрсеткіш.

«Меломанның» мәліметінше, ТМД елдеріндегі «Аватар: Су жолының» жалпы кассалық түсімі $7,3 млн (3,4 млрд теңге) құрады. Ал Қазақстанда көрермен саны миллионнан асты.

«Аватар: Су жолы» 2022 жылы қазақ тіліне аударылған Диснейдің үшінші фильмі. Студияның қазақ тілінде шыққан алғашқы туындыысы 2011 жылы «Көліктер-2» болған еді.

Так же вам может быть интересно