«Қазақ аруы — 2021» анықталды

👠 Мода и стиль
09.12.2021
Просмотров: 142

Продюсер Баян Алагөзованың байқауында 22 жастағы ақтөбелік тележүргізуші Аружан Аманжолова бас жүлдені иеленді.

Аружан  «Ақтөбе ТВ» телеарнасында «Қайырлы таң, Ақтөбе!» бағдарламасын жүргізеді. Қазылар алқасының мүшелері — Баян Алагөзова, дизайнер Аида Кауменова, Халық әртісі Лидия Кәденова, танымал блогер Әлішер Елікбаев және мәслихат депутаты Қайрат Құдайберген ақтөбелік аруды жеңіске лайық деп шешті. Жоба продюсері Баян Алагөзова Инстаграмда жаңа «Қазақ аруы» туралы былай деп жазды:

«Журналистикаға деген махаббатын телевизия ардагері Н.Иманғалиұлының «Бай-қуатты болайық» деген сөздері оятқан. Қоғамға айшықты ақпарат беріп, ұлтының жанашыры болуды кәсіби миссиясы, ал ұлтсүйер, ұлтына қызмет етер ұрпақ тәрбиелеуді өмірлік мақсаты деп біледі».

 

Еске салайық, жыл сайын өтетін «Қазақ аруы» байқауында қатысушыларға сұлулықпен қатар қазақ тілін жетік білу, өнер иесі болу талаптары қойылады.

 

 

 

Так же вам может быть интересно