Қарағандылық қыз Гонконг университетінің үздік студенттерінің қатарына кірді

🇰🇿 Новости Казахстана
04.05.2022
Просмотров: 201

Назарбаев Зияткерлік мектебінің түлегі Гүлжан Алдан қазір Гонконг политехникалық университетінің құрылыс ортасы және энергетика департаментінің төртінші курсында оқиды.

Жақында оқудағы ерекше жетістіктері және университеттің өміріне белсенді қатысқаны үшін оған үздік студент атағы берілді. Гүлжан қазақстандық оқушыларға бірнеше кеңес берді.

«Біріншіден, жақсы оқу керек. Екіншіден, өзіңді басқалармен салыстырып, бірдеңе болмай қалса ренжудің қажеті жоқ. Жұмысты жалғастырып, өзіңе сену керек. Үшіншіден, өзіңнің қолыңнан келмейтіндей көрінетін жерде тер төгіп көру керек»,

— деп толықтырды студент.

Дереккөз: Қазақпарат 

Метки: Гонконг

Так же вам может быть интересно