Қарағанды облысында 5 жастағы автоинспектор желі қолданушыларын тәнті етті

🌎 Жизнь
25.03.2022
Просмотров: 230

Мерекелік демалыс күндері кішкентай бала полицей киімін киіп, жол қозғалысын реттеді.

Тәртіп сақшылары жас автоинспектордың кім екенін анықтады. Бағдәулет Ағзамов үш жасынан бастап полиция қызметкері болуды армандайды екен. Ең қызығы бүлдіршіннің ата-анасы құқық қорғау органдарына қатысы жоқ. Әкесі ұлына полиция қызметкерінің формасын сатып алған. Бала бірден жол жиегіне шығып, ауа-райының қолайсыздығына байланысты барлық жолдар жабылғанын жүргізушілерге ескерткен. Полиция қызметкерлері ерікті көмекшіні назардан тыс қалдырмай, Бағдәулетке сыйлықтар тарту етті.

Дереккөз: Қазақпарат

Так же вам может быть интересно