ПСЖ Мессидің арқасында маусымды рекордтық 700 млн еуро табыспен аяқтайды

⚽ Спорт
18.05.2022
Просмотров: 119

Аргентикалық футболшы 1 жылдан аз уақыт ішінде клубқа 11 жаңа демеуші тартып, олардан 310 млн еуро табыс келген.

Сондай-ақ, осы маусымда сатылған миллион футболканың 60%-да Месси бейнеленген. Сатылымдар 41 млн еуро табыс әкелді. Оған қоса, Lequipe басылымының мәліметінше, Месси ПСЖ-ға келгелі, мачтардан түсетін табыс көлемі 93 млн еуродан 132 млн еуроға дейін өскен. Аргентиналық ойыншы Пари-Сен-Жермен үшін 33 матч өткізіп үлгерді, 11 гол салып, Франция чемпионы атағына ие болды. Айта кетсек, жақында Месси 2023 жылы «Интер Майамиге» өтеді деген хабар  тарады.

 

Так же вам может быть интересно