«ПСЖ» 1 сағаттың ішінде Мессидің 250 мың футболкаcын сатты

⚽ Спорт
12.08.2021
Просмотров: 127

Франциялық футбол клубы сатылымды өзінің ресми сайтында Нұр-Сұлтан уақытымен түнгі 3-те бастады. 30 саны мен Месси деп жазылған футболканың құны $194, шамамен 82 мың теңге болды. Осылайша, Месси футбол ойнауды бастамай-ақ ПСЖ-ға $48 млн пайда әкелді. 

Сатылымдар «Пари Сен-Жерменнің» дүкенінде өтті.  Жанкүйерлер аргентиналық форвардтың футболкасын сатып алу үшін кезекте 2 сағат тұрған. Еске салайық, 10 тамызда «ПСЖ» Лионель Мессимен келісімге тұрғаны туралы жариялады.

Дереккөз: Sport-express.ru

Фото: Reuters

Так же вам может быть интересно