Президент Тоқаев Елена Рыбакинаны «Уимблдон» финалына шығуымен құттықтады

⚽ Спорт
08.07.2022
Просмотров: 119
токаев

«Елена Рыбакинаны теннистегі ең беделді жарыс саналатын Уимблдон турнирінде табысты өнер көрсетуімен құттықтаймын. Ол финалға шықты!»,

— деп жазды Тоқаев Twitter- де. 23 жастағы Рыбакина жартылай финалда әлемнің бұрынғы бірінші ракеткасы, румыниялық Симона Халептен басым түсті. Елена Рыбакина Уимблдон жарысының финалына шыққан алғашқы қазақстандық теннисші. Ертең финалда ол әлемнің 2-ракеткасы, тунистік Онс Жабермен кездеседі.

 

Так же вам может быть интересно