Президент Тоқаев Бейжіңде қола медаль алған Александр Герлицті «Құрмет» орденімен марапаттады

⚽ Спорт
24.03.2022
Просмотров: 81

Сондай-ақ, мемлекет басшысы екі жаттықтырушыны — Антон Жданович пен Василий Коломиецті де орденмен наградтады.

Еске сала кетейік, Бейжің Паралимпиадасында Александр Герлиц пара биатлоннан 10 шақырымға тұрып сырғанаудан қола медаль иеленген болатын. Солтүстік Қазақстан облысының басшылығы спортшыға бір бөлмелі пәтер кілті мен 5 млн теңге табыстады.

Дереккөз: Ақорда 

Так же вам может быть интересно