Португалияда компания басшыларына жұмыстан тыс уақытта қызметкерлеріне хабарласуға тыйым салынды
Мемлекет парламенті сәйкесінше заң қабылдады. Заң бұзушылар айыппұл төлуге міндетті.
Сонымен қатар үйден жұмыс істейтін жұмысшыларды қатаң бақылауға болмайды. Ал балалары сегізге толмаған ата-аналар басшылыққа хабарламастан үйден жұмыс істеулеріне болады. Жаңа заңға сәйкес онлайн жұмыс істейтін қызметркерлерге басшылық жарық пен интернетке кеткен шығынды өтеуі керек.
Дереккөз: Euronews