Польша мен Венгрияда ауаны граффити арқылы тазалайды
Суреттер арнайы бояумен салынған. Фотокаталитикалық бояу күн сәулесі түскенде ауаны ластайтын заттарды бейтараптандырады.
Мұндай боядың құрамында титан диоксиді бар және ол автокөлік, зауыт пен электр станцияларынан бөлінетін заттарды сіңіреді. Бір шаршы метр сурет 0,44 грамм азот оксидін сіңіреді. Мамандардың айтуынша, граффити ауаны тазалау жағынан 500 ағашты алмастырады. Үлкен граффитилер Будапешт, Варшава, Быдгощ қалалырнда пайда болды.