Петропавлда 73 жастағы әжей Tik Tok жұлдызына айналды

🌎 Жизнь
24.11.2021
Просмотров: 152

Қазір Валентина Золотареваның әлеуметтік желіде 127 мың жазылушысы бар. Күніне оған мыңдаған адам тіркеледі.

Зейнеткер қыз-келіншектерге түрлі сұлулық және басқа да кеңестер беріп, танымал болды. Tik Tok-қа әжей күніне 3 сағат уақытын жұмсайды екен.

«Алғашында күлкілі видеолар түсірдім. Бірақ ол жұртқа ұнамады. Ойлана келе деніміз сау, сұлу болу үшін халық рецептері жайлы роликтер түсіріп, жариялай бастадым. Пайдалы кеңестеріме ризашылығын білдіріп жатқандар өте көп»,

– дейді Валентина Золотарева.

Дереккөз; Хабар 24 

 

Так же вам может быть интересно