Пэрис Хилтоннан қалыспайды: 20 жастағы британиялық иттеріне тек дизайнерлік киім кигізіп, $10 мың жұмсаған

👠 Мода и стиль
29.10.2021
Просмотров: 117

Лорен Найт есімді модель Майло мен Мими деген екі померандық шпицтің иесі. Оларға жасалған арнайы гардеробта Gucci свитерлері, Fendi мен Louis Vuitton аксессуарлары бар.

Лорен fаmily look стиліндегі фотосессия жасау үшін иттеріне өзімен бірдей киім алып береді. Оның үй жануарларын сүйетіні сонша, тіпті иттерге арналған киім бутигін ашқан. Еске салайық, бұдан бұрын Пэрис Хилтон Даймонд атты чихуахуаға $5500 тұратын Hermès Kelly сөмкесін алып бергенін айтқан болатын.

Дереккөз: Daily Mail 

Так же вам может быть интересно