Пекин үйрегі Нью-Йорктегі марафонға қатысып, Желі жұлдызына айналды

⌚ Lifestyle
11.11.2021
Просмотров: 138

Танымал іс-шара биыл 50-шы рет өтті. Марафонға 33 мың адам мен бір үйрек қатысты. Wrinkle, ағылшын тілінен аударғанда Әжім есімді құс 42 шақырымды жүгіріп өтпесе де, оның көрсеткен ынтасы Желі қолданушыларын тәнті етті.

Тик Токта жүктелген видео 6,8 миллион қаралым жинады.

«Бұл тамаша үйрек марафонды жүгіріп өтуде, ал мен диваннан тұра алмай жатырмын»,

— деп қалжындап жатыр желі қолданушылары. Айта кетейік, Ринклдың Tik Tok-та 600 мыңнан астам жазылушылары бар.

Так же вам может быть интересно