Парижде шоколадтан жасалған көйлектердің жәрмеңкесі ашылды
Дәстүрге айналған «Шоколад салоны» (Salon du Chocolat) атты шара осымен 26 рет өтуде. Биыл жәрмеңкеге бүкіл әлемнен келген 280 шоколатье қатысуда.
Олар көпшілік назарына салмағы 12 келіге дейін жететін көйлектерді ұсынды. Ал ұйымдастырушылар тәтті киімдердің еріп кетпеуін мұқият қадағалау керек. Адам денесінің қызуынан шоколадтан жасалған көйлек тез бүлінуі мүмкін. Сондықтан модельдерге алдымен матадан жасалған киім кигізеді. Ғимарат ішіндегі температураны да үнемі бақылап отыру маңызды.
Дереккөз: NTDTV