Пабло Пикассоның «Терезенің алдында отырған әйел» картинасы $103,5 млн сатылды

📚 Культура
14.05.2021
Просмотров: 151

1937 жылы салынып болған картинада әйгілі суретшінің бұрыңғы сүйіктісі және Майя есімді қызының анасы Мария-Тереза Вальтер бейнеленген.

пикассо
«Терезенің алдында отырған әйел»

Бұдан бұрын картина 2013 жылы 44 миллион долларға сатылған еді. Christie’s аукционында сонымен қатар, Пикассоның «Креслода отырған әйел» мен «Әйелдің басы» суреттері сәйкесінше $17,2 млн және $4,1 млн-ға сатылды. Айта кетейік, Пабло Пикассоның ең қымбат картинасы «Алжир әйелдері» деп аталады. 2015 жылы ол $155 млн сатылған еді. Бұл 2017 жылы $450 млн сатылған Леонардо да Винчидің «Әлем құтқарушысы» картинасынан кейінгі әлемдегі ең қымбат сурет.

Дереккөз: Christie’s

Так же вам может быть интересно