Ота жасағанда тыңдауға ең қолайлы музыка жанры анықталды
Хип-хоп екен! Мұны Германиядағы Гейдельберг университетінің мамандары анықтады.
Олар медицина факультетінің студенттерін бақылаған. Лапароскопия отасы кезінде болашақ хирургтарға төрт түрлі музыка жанрын қосқан: хип-хоп, классика, рок және радиода жиі қосылатын танымал әндер. Белгілі болғандай, рок пен радиодағы әндерге қарағанда хип-хоп және классикалық музыканы тыңдаған студенттер жақсы нәтиже көрсеткен. Айта кетейін, ота жасау бөлмесінде музыка қосу практикасы 1914 жылдан бері қолданылып келеді. Музыканы пациенттердің қобалжуын басу үшін қосқан.