«Оскар» жеңімпаздары аталды

🎬 Кино
28.03.2022
Просмотров: 105
оскар 2021

«Үздік фильм» номинациясында CODA драмасы жеңіске жетті.

Сюжет бойынша, 17 жастағы Руби жанұясында есту қабілеті бар жалғыз адам. Ол ата-анасы мен ағасына қолдау көрсетеді. Мектепте жасөсіпірім хорға жазылып, ән айта бастайды. Енді жас қыз жанұясы мен арманының арасында таңдау жасауы керек. «Оскардың» басқа да жеңімпаздарына келетін болсақ, Уилл Смит «Үздік актер», ал Джессика Честейн «Үздік актриса» атанды. Ал «Үздік режиссер» номинациясында «Ит билігін» түсірген Джейн Кэмпион жеңіске жетті. Дени Вильнёвтің «Дюна» фильмі алты номинацияда жеңімпаз атанды. Оның ішінде дыбыс, монтаж, визуалды эффектер номинациялары бар.

«Оскар-2022» жеңімпаздары:

Үздік фильм — CODA
Үздік режиссер — Джейн Кэмпион, «Ит билігі»
Үздік актер — Уилл Смит, «Король Ричард»
Үздік актриса — Джессика Честейн, «Тэмми Фэйдің көздері»
Үздік екінші актриса — Ариана ДеБос, «Вестсайд хикаясы»
Үздік екінші актер — Трой Коцур, CODA
Үздік бейімделген сценарий — Шан Хейдер, CODA
Үздік түпнұсқа сценарий — Кеннетт Брана, «Белфаст»

Үздік шетелдік фильм — «Көлігімнің рөліне отыр» (Жапония)
Үздік анимациялық фильм — «Энканто»
Үздік деректі фильм — «Соул жазы»
Үздік оператор — Грег Фрейзер, «Дюна»
Үздік визуалды эффекттер — «Дюна»
Үздік монтаж — «Дюна»
Үздік дыбыс — «Дюна»

Үздік түпнұсқа саундтрек — «Дюна»
Үздік қысқаметражды анимациялық фильм — «Шыны тазартқыш»
Үздік қысқа метражды фильм — «Ұзақ қоштасу»
Үздік қысқа метражды деректі фильм — «Баскетбол патшайымы»
Қоюшы-суретшінің үздік жұмысы — «Дюна»
Үздік костюмдер — «Круэлла»
Үздік макияж және шаш үлгісі — «Тэмми Фэйдің көздері»
Үздік ән — Билли Айлиш және Финнеас О’Коннелл, «No Time To Die»

 

Метки: Оскар

Так же вам может быть интересно