Орал әуежайына Мәншүк Мәметованың есімі берілді

Тиісті үкімет қаулысына премьер-министр Әлихан Смайылов қол қойды.
Қаулы ресми түрде алғаш жарияланған күннен бастап күшіне енеді. Еске салайық, былтыр күзде қоғам белсенділері мен облыстық мәслихат депутаттары әуежайға Кеңес одағының батыры Мәншүк Мәметованың есімін беруді ұсынған болатын.
Дереккөз: Спутник