Онымен тек Халк теңесе алады: Қазақстандық палуан әлем жұлдыздарының таңдайын қақтырды

🇰🇿 Новости Казахстана
24.09.2021
Просмотров: 180

35 жастағы күш көрсеткіші бойынша төрт дүркін әлемдік рекорд иесі, Гиннес рекордшысы және Қазақстанның алты дүркін рекордшысы Сергей Цырульников өзінің ерекше күш-қабілетін көрсеткен видеосын түсірген еді. Оны танымал спортшы Терренс Оуэнc Facebook-тегі парақшасында жариялады.  

Видеода Қажымұқан мен Балуан Шолақ ізбасары атанып кеткен Сергей Цырульников шынжырды кеудесіне орап, оны бұлшықет көмегімен үзеді, темір тағаны, металл ыдыстарды майыстырады.

«Сергей Цырульников – Супер Адам! Ол феноменалды күшке ие. Онымен тек Халк қана күш сынаса алатын шығар. Сергей келесі «Кек алушылар» фильмінде рөлге ие болуы әбден  мүмкін. Бірақ бір нәрсе күмән тудырмайды: Сергейге ешкім қарсы шығып, проблемаға тап болғысы келмейді! Және де видеода көрсетілген заттарды өздігінен жасауға тырыспаңыз. Оны Сергейге қалдырыңыз. Оған теңдес ешкім жоқ», —

деп жазды Оуэнс видеоның сипаттамасында. Екі күн ішінде видеоны 2,5 миллион қолданушы қарап, 5 мыңға жуық пікір қалдырған. Олардың ішінде әлем жұлдыздары да бар. Мысалы, әйгілі боксшы Флойд Мейвезер:

«Спортпен айналыса алмаған кезде осылай болады»,

— деп әзілдеген. Еске салайық, биыл көктемде Сергей Қажымұқанның 150 жылдығына орай әлемдік рекорд орнатқан еді.

Так же вам может быть интересно

Қазақстанға әкелінетін әрбір екінші көлік – қытайлық
Үндістанда ерлі-зайпты $24 млн байлығын таратып беріп, қайырымдылқтан түскен ақшаға өмір сүріп жүр
Сюжет для Netflix: Женщина-сталкер отправила комику 350 часов голосовых сообщений и 40 тысяч электронных писем
Көктемгі авитаминозды жеңеміз: Kcell/activ Club Қазақстандағы алғашқы интеграциялық дәріханаға жеңілдік сыйлайды
Kcell/active заряжает витаминами: Получите скидку в первую интегративную аптеку в Казахстане
В Казахстане могут отменить один из штрафов для водителей
Kcell/activ Club өз клиенттеріне үш айға дейін жеңілдіктер мен тегін йога сабақтарын ұсынады
Скидки и бесплатные занятия йогой до трех месяцев дарит своим клиентам Kcell/activ Club