Олимпиадаға Қытай атынан қатысып жатқан этникалық қазақ қызы қазақстандықтарға туған тілінде үндеу жолдады

⚽ Спорт
11.02.2022
Просмотров: 131

22 жастағы Ақнар Ардақ Бейжің Олимпиадасында конькимен жүгіру спортынан қатысып жатыр.

Спортшы қолдау көрсетіп жатқан қазақстандықтарға алғысын білдірді.

«Қолдау көрсеткендеріңізге рахметімді айтамын. Бүгін жақсы нәтиже көрсеттім деп ойлаймын. Мен Синьцзян-Ұйғыр ауданында туылғанмын. 11 жасымнан бастап конькимен сырғанауды үйрендім. Үй-ішім теледидар арқылы менің жарысымды көріп отыр. Мұнда Қазақстаннан келген жақсы достарым бар. Олимпиадада жақсы нәтиже көрсетулеріне тілектеспін»,

— деді ол өз үндеуінде. Еске сала кетейік, Ақнар Ардақ өзінің сұлулығымен желі қолданушыларын тәнті еткен еді.

Дереккөз: ZTB

Так же вам может быть интересно