«Олдбойдың» режиссері жаңа фильмін iPhone-ға түсірді

Оңтүстіккореялық режиссер Пак Чхан Уктың жаңа туындысы «Өмір жай ғана түс» (Life is But a Dream) деп аталады. Ол «iPhone-ға түсірілген» атты кампания аясында шықты.
Картинаның ұзақтығы 21 минут қана. Ол IPhone 13 Pro-ға түсірілген. «Өмір жай ғана түс» You Tube-те жария болды. Онда фэнтези, жауынгерлік өнер, романтика мен мюзикл үйлескен. Еске сала кетейін, 2003 жылы шыққан «Олдбой» фильмі Канн кинофестивалінің басты жүлдесіне ие болды.