«Ок, Google» өткеннің еншісінде қалады: Google жылдам сөз тіркестерін енгізбек
Енді Google Assistant-ті ояту үшін бәріне таныс фразаны айту міндетті болмайды.
Мысалы, оятқышты сөндіру үшін «Стоп» немесе «Кейінге қалдыру» деп айта салуға болады. Телефон соққан кезде «Жауап беру» немесе «Бас тарту» десең жеткілікті. Еске салайық, бірнеше күн бұрын Android 12 жаңа операциялық жүйе шықты. Жақын арада ол барлық смартфондарда қолжетімді болады.
Дереккөз: IXBT