«Өрмекші әйел» 108 метрлік жартасқа қауіпсіздік құралдарынсыз көтерілді
43 жастағы Луо Денпин есімді Қытай тұрғыны ежелгі миао дәстүрі – жалаң қолмен жартасқа өрмелеумен айналысатын әлемдегі жалғыз әйел.
Ол биіктігі 30 қабатты тік жартасқа еш құралсыз жетті. Луо 15 жасында ер балалармен жарысамын деп, құзға өрмелей бастаған.
«Барлығы бұл тек ұлдарға арналған іс деп айтатын, бірақ мен ерлер мен әйелдердің тең екендігін дәлелдегім келді. Менің өрмекші әйел ретіндегі сапарым осылай басталды»,
— дейді Луо Денпин.
Дереккөз: South China Morning Post