Нью-Йорк тұрғыны үшемді әр-түрлі онжылдықта туып, рекорд орнатты
33 жастағы Кейли де Шейн бірінші баласын 2019 жылдың 28 желтоқсанында туған. Ал қалған екеуін 2020 жылдың 2 қаңтарында дүниеге әкелген.
Осылайша, үшемнің туу арасында 5 күн өткен, және бұл әлем рекорды. Сонымен қатар, Кейлидің балалары әр түрлі онжылдықта туылды. Бұдан бұрын үшемді туу арасындағы ең ұзақ интервал 2 күн болатын. Кейли енді бес баланың анасы. Оның 7 жастағы қызы мен 12 жастағы асыранды ұлы бар. Үшем экстракорпоральді ұрықтандыру арқылы дүниеге келген.
Дереккөз: The Sun