Нұрсұлтан Назарбаев әуежайы Орталық Азия мен ТМД-дағы үздік өңірлік әуежай атанды

«World Airport Awards» – әлемдік әуежайлар индустриясындағы ең беделді марапат. Үздіктер дауыс беру нәтижесінде және арнайы жүргізілетін жаһандық сауалнама бойынша анықталады.
Сауалнама 8 ай көлемінде жүргізіліп, оған 100-ден астам ұлт өкілінен тұратын әуежай клиенттері қатысқан. Олар әуежайдың клиенттерге қызмет көрсету сапасы және тіркеу, ұшып келу, трансфер, сатып алу, қауіпсіздік, паспорттық бақылау сынды негізгі көрсеткіштер бойынша өз бағасын берген.
Дереккөз: Индустрия және инфрақұрылымдылық Министрлігі