Нұр-Сұлтанда смартфоннан көз алмайтын жүргіншілер үшін инновациялық бағдаршамдар орнатылды

🔬 Наука и технологии
10.09.2021
Просмотров: 217

Олардың ерекшелігі — қызыл жарық тротуарға да түседі, тиісінше жаяу жүргіншілердің смартфонының дисплейіне де шағылысатын болады.

Смартфон қарап келе жатқан адам мұны байқап, жолды қызыл сигналға өтпейді. Осылайша бағдаршам жаяу жүргіншілердің қауіпсіздігіне айтарлықтай үлес қосады. Әзірге инновациялық бағдаршамның тәжірибелік нұсқасы елорданың 9 көшесінде орнатылды.

1) Жеңіс даңғылы, 45;
2) Абай даңғылы – Мұражай;
3) Пушкин көшесі – ЕҰУ;
4) Мұңайтпасов көш, 16;
5) Қорғалжын тас жолы – Думан;
6) Мәскеу көшесі – 14 мектеп;
7) Тұран даңғылы – Орталық саябақ;
8) Тәшенов көшесі – Алатау СК;
9) Жирентаев көшесі – 22 мектеп.

Дереккөз: Нұр-Сұлтан әкімшілігінің сайты

Так же вам может быть интересно