Нұр-Сұлтан әкімдігі вакцина жасатқандар арасында екі бөлмелі пәтерді ұтысқа салады

🇰🇿 Новости Казахстана
24.06.2021
Просмотров: 169
нур султан квартира вакцинация1

Бұл туралы елорда әкімі Алтай Көлгінов өз Инстаграмында жария етті. Оның айтуынша, ұтысқа 25 маусымнан 31 тамыз аралығында қала емханаларында, немесе вакцинация пунктарында екпе алған, жасы 18-ден асқан барлық Нұр-Сұлтан тұрғындары қатыса алады.

Ұтыс нәтижесі қыркүйекте белгілі болады. Әкім ұжымдық иммунитет қалыптастыру үшін қаланың 60% тұрғыны вакцина жасатулары керек екенін атап өтті. Дәл осындай ұтыс Маңғыстау облысында да өтеді. Еске салайық, бұдан бұрын қаланың сауда ойын-сауық орталықтарының бірі екпе жасатқандар арасында автомобиль ұтысын жариялаған еді.

Так же вам может быть интересно