Нұр-Cұлтанда терезеден құлап бара жатқан баланы құтқарған жасөспірімге 3 бөлмелі пәтер берілді

Осы уақытқа дейін көпбалалы отбасы ипотекаға алған баспанада тұрып келген.
Бұған дейін оқу-ағарту министрі Асхат Аймағамбетов Есдәулет Дәуітбековпен кездесіп, оған Алматыдағы университеттердің біріне оқу грантын табыстады. Еске салсақ, 13 шілдеде Есдәулет жетінші қабат терезесінен құлап бара жатқан кішкентай қызды құтқарып қалған.