Ninety One солисі «Ең әдемі 100 адам» байқауының номинанты атанды
ACE лақап атымен танымал Азамат Ашмакын әнші Зейн Малик, актер Том Круз, актриса Эмма Уотсон, Victoria ‘s Secret «періштелерінің» бірі болған модель Кэндис Свейнполмен бірге номинанттар тізіміне енді.
Бұл туралы рейтингті ұйымдастырушы TC Candler арнасының Instagram-дағы парақшасында жария болды. Еске сала кетейік, «2018 жылдың ең әдемі 100 адамы» байқауының номинанттары қатарына қазақстандық модель Айя Шалқар да кірген еді. Ал Димаш Құдайберген 2017 жылы бұл тізімде 76 орынға ие болды.
Дереккөз: Tengrinews