Нидерландтық дизайнер адам шашынан киім тігуді ұсынды

⌚ Lifestyle
07.12.2021
Просмотров: 185

Зофия Коллар осылайша планетамыздың экологиясын құтқармақшы.

Амстердамдық дизайнердің айтуынша, жыл сайын Еуропада 72 млн келі адам шашы жиналады. Ол дренажды жүйелерді ластап, экологияға нұқсан келтіреді. Ал жануарлардың жүнін өңдеу кезінде ауаға көмірқышқыл газы бөлініп, оның да пайдасы шамалы.  Адам шашы альпака немесе қой жүніне ұқсайды, бірақ химиялық заттармен өңдеуді қажет етпейді, сондықтан экологияға зиян келтірмейді, — дейді дизайнер. Өз идеясын жүзеге асыру үшін Коллар салондарды аралап, материал жинап жүр. Айта кетейік,  шаштан жасалған алғашқы жемпірдің материалы Нидерландта жиналғандықтан, оны «Голландиялық блонд» деп атады. Еске салайық, бұдан бұрын австралиялық дизайнерлер мұрттан костюм тіккен болатын.

«Голландиялық блонд» жемпірі

Дереккөз: Euronews

Так же вам может быть интересно