NFT емес: Gucci-дің виртуалды сөмкесі $4 мың сатылды

👠 Мода и стиль
27.05.2021
Просмотров: 120
gucci-roblox

Dionysus (Дионис, яғги ежелгі грек құдайының атымен аталған аксессуар) Roblox ойын платформасында сатылымға қойылған еді.

Араның суреті бар виртуалды сөмкенің құны түпнұсқадан да қымбат болып шықты. Және ол жай ғана сурет, тіпті соңғы уақытта танымал болған NFT де емес (яғни еш цифрлық құндылығы жоқ). Gucci-дің виртуалды көрсетілімі Roblox платформасында 31 мамырға дейін жалғасады. Онда танымал брендтің сөмкелерін, көзілдіріктерін, бас киімдерін және басқа да аксессуарларды сатып алуға болады. Ол үшін ақшаны Robux атты платформаның ішкі валютасына ауыстыру шарт. Айта кету керек, бұл криптовалюта емес, сондықтан оны тек осы ойын платформасында қолдануға болады.

Дереккөз: Esquire 

Так же вам может быть интересно