Netflix «Кальмар ойыны» негізінде рекордтық жүлде қоры болатын реалити-шоу шығармақшы

🎬 Кино
15.06.2022
Просмотров: 4983

Шоу Squid Game: The Challenge («Кальмар ойыны: Сынақ») деп аталады және ойынға сериалдағыдай 456 адам қатысады.

Бірақ қатысушылар, әрине, зардап шекпейді. Ұйымдастырушылар шоуда жаңа сынақтар болады деп отыр. Әр кезеңде жеңіліп қалғандар ойыннан шығып, соңында тек бір ғана жеңімпаз анықталады. Ол телевизия тарихында бұрын-соңды болмаған ақша алады — $4,5 млн. Шоуға кез келген адам қатыса алады. Өтініштерді қабылдау squidgamecasting.com сайтында басталып кетті. Басты талап – ағылшын тілін жақсы түсіне білу. Түсірілімдердің қашан басталатыны әзірге белгісіз. Еске салсақ, жақында «Кальмар ойынының» екінші маусымы жарияланды.

Дереккөз: Hollywood Reporter 

Так же вам может быть интересно