Неміс рекордшысы бірнеше секундта екі литр лимон мен лайм шырынын ішіп үлгерді
30 жастағы Андре Ортольф бұл рекордты бұған дейін орнатқан болатын. Алайда, Дэвид Раш есімді тағы бір рекордшы Андреден басып озып, жаңа рекордшы атанды.
Ал Андре жетістігімді ешкімге бермеймін деп, 13 секунд ішінде екі литр лимон мен лайм шырынын ішіп қойды. Жалпы Ортольф 100-ден астам рекорд иегері. Мысалы, ол1 келіге жақын тирамисуды 30 секундта жеп қойған.
Дереккөз: Гиннесс рекордтар кітабы