Наzима мен Say Mo арадағы ренішті ұмытып, жаңа ән шығарды

🎼 Музыка
15.11.2021
Просмотров: 204

Бұл туралы әнші қыздар әлеуметтік желідегі парақшаларында хабарлады. Қос арудың жаңа туындысы «Не смей» деп аталады.

Қыздар арадағы түсінішпеушіліктің жойылғанын айтып, жанкүйерлерін қуантты.

«Мұндай дуэтті үш ұйықтасам да күтпеген шығармын», «Рэп ханшайымдары», «Татуласқандарын дұрыс болған»,

— деп жазды Желі қолданушылары. Еске салайық, рэпер қыздардың арасындағы жанжал 2019 жылы «Песни» шоуының екінші кезеңінде басталды. Наzима бірінші маусымның финалына шығып, Black Star лейбліне қосылды. Ал Say Mo Тиматиның ұсынысынан бас тартты. Содан кейін ол «Бишарашка» деген ән шығарып, бірнеше жолын Назимаға арнады. «Сен өздігінен ештеңе жасай алмайсың, себебі сен манекенсің. Мен болмасам, сені динамиктер ұмытар еді. Біреуге 30 жаста ұсыныс жасады, ал мен 20-дамын және жоқ деп жауап бердім», — деп Say Mo ән салған болатын.

Метки: Nazima Say Mo

Так же вам может быть интересно