Наурызнама онкүндігі басталды: Алматыда екі мыңнан астам адам «Көк-Төбеге» жиналып, бір-бірін Көрісу мерекесімен құттықтады

- Бүгін екі мыңнан астам алматылық мен қала қонақтары «Көк-Төбеге» жиналып, бір-бірін көктемнің келуімен құттықтады, Наурызнама онкүндігінің алғашқы күні – Көрісу мерекесіне орай ұйымдастырылған театрландырылған концертті тамашалады.
Сахна төрінде еліміздің сүйіспеншілігі мен махаббатына бөленген, аты аңызға айналғын Роза Рымбаева, Жанар Айжанова, Айгүл Қосанова, «Жігіттер» тобы, Алма Аманжолова, сондай-ақ «Алатау» дәстүрлі өнер театрының әртістері өнер көрсетті. Мәртебелі меймандар қатарында белгілі жазушылар, мәдениеттанушылар, еңбек сіңірген өнер қайраткерлері және бірқатар зиялы қауым өкілі болды.
Алматылықтарға ерекше сый ретінде «Көктөбедегі» аспалы жол бүгін сағат 9:00-ден 13:00-ге дейін тегін жұмыс істеді. Соның арқасында мерекелік іс-шараға келген көрермен қатары көп болды. Еске салсақ, биыл ұлыстың ұлы күнін тойлау аясында елімізде 1,5 мыңнан астам іс-шара өткізу жоспарланған.
Дереккөз: Алматы әкімдігінің баспасөз қызметі