Наурыз айында Қазақстанда ең жоғары жалақы кімге ұсынылды?

🇰🇿 Новости Казахстана
10.04.2024
Просмотров: 153

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің мәліметінше, жұмыс берушілер жалақының ең көп мөлшерін объективті бақылау жөніндегі инженерлерге (650 мың теңгеден бастап), өндіруші өнеркәсіптегі учаскелер бастықтарына (628 мың теңге), сондай-ақ бас құрылысшыларға (627 мың теңгеден бастап) ұсынды.

Ал жұмыс іздеушілер арасында ең жоғары жалақыны құрылыстағы өндіріс бастығының орынбасары (1,1 млн теңгеден бастап сұраған, сондай-ақ, мұнай өндіру шебері (937 мың теңге) және коммерциялық кәсіпорындар директоры (819 мың теңге) талап еткен.

Жұмыскерлерді іздеуде ең жоғары белсенділікті Қарағанды және Түркістан облыстарының жұмыс берушілері көрсетті: тиісінше 6,8 мың және 4,7 мың бос жұмыс орны орналастырылды. Сондай-ақ, ірі қалалар еңбек нарығында сұранысты қалыптастыруға белсенді қатысты: Алматыда 6,3 мың, ал Астанада 6 мың бос жұмыс орны жарияланды.

Фото: Unsplash

Так же вам может быть интересно