NASA мен SpaceX ғарышқа кішкентай кальмарларды жіберді
Жұмсақ денелі омыртқасыз жәндіктер Халықаралық ғарыш станциясында шілдеге дейін болып, қайта Жерге оралады.
Ғалымдар осылайша салмақсыздықтың тірі ағзаға тигізетін әсерін зерттемекші. Таңдаудың кальмарға түсу себебі –жәндіктің иммунды жүйесінің адамдікіне ұқсас болуында. Еске салайық, ғарышқа ұшқан алғашқы жануарлар – Белка және Стрелка иттері. Олар сапарға 1960 жылы аттанды. Олардан кейін ғарышта маймыл, тышқандар болды. Енді міне, кезек жәндіктерге жетті.
Дереккөз: Independent