NASA Марстағы кемпірқосақтың фотосын жариялады
Суретті Perseverance марсоходы түсіріп алған.
Желі қолданушылары Жер планетасына тән құбылыстың Марста пайда болуын түсіне алмай әлек болды. Сондықтан NASA жауап ретінде пост жазды. «Кемпірқосақ судан шағылысқан сәуледен пайда болады. Алайда Марста ауа райы тым суық және су сұйық күйде болуы мүмкін емес. Сондықтан фотодағы доға линзадан шыққан жарқыл», — деп түсіндірді NASA мамандары. Еске салайын, бұдан бұрын ғарыш агенттігі алғаш рет Марстағы ауа райын жариялады. Өлшеу жүргізу кезінде ауа температурасы -20°C-тан -25°C-қа дейін төмендеген.