NASA алғаш рет Марстағы ауа райын жариялады
Рerseverance құралы қоршаған ортаның температурасы әр жарты сағат сайын 5 градусқа өзгеруі мүмкін екенін анықтаған.
Деректерге сәйкес, өлшеу жүргізу кезінде ауа температурасы -20°C-тан -25°C-қа дейін төмендеген. Сонымен қатар, радиация және шаң сенсоры атомосфера Езеро кратерінде тазарақ екенін көрсеткен. Сарапшылар бұл өлшемдер Қызыл планетаға адамдардың келуі үшін өте маңызды екенін атап өтті.