Мысырлық Луксорда жасы 3 мың жылдан асатын Сфинкстер аллеясы ашылды
11 жыл бойы археологтар құмның астынан ежелгі ескерткіштерді қазып алу жұмыстарын жүргізген.
Енді туристер бұл жерді Ежелгі Мысыр заманындағыдай кейіпте көре алады. 2,7 шақырымға созылған аллеяның бойында 1057 мүсін орналасқан. Осыдан 3 мыңнан астам уақыт бұрын мұнда ферағауындардың салтанатты шеруі өткізілген.
Дереккөз: Ahram