Мысырда жаңа астананың атауына конкурс жарияланды

⌚ Lifestyle
27.10.2021
Просмотров: 111

Байқау 2021 жылдың соңына дейін жалғасады. Қатысушыларға ел астанасының атауын, логотипін және ұранын ойлап табу қажет.

Солтүстік Африкадағы ең ірі жобалардың бірі 2015 жылы жүзеге асырыла бастады. Жаңа елорда Каирдан 45 шақарам жерде орналасқан, оның ауданы — 700 шаршы шақырымды құрайды. Қалада 6,5 миллион адам тұра алады. Оған ел министрліктері, парламенттік және үкіметтік мекемелер көшіп барады. Астанаға ең жақсы ат ойлап тапқан жеңімпазға 50 мың мысырлық фунт көлемінде сыйақы беріледі (бұл 1 350 000 теңгені құрайды). Айта кетейік, Мысырдың қазіргі астанасы Каир әлемдегі алтыншы ірі мегаполис болып саналады. Қалада 22 миллион адам тұрады.

Дереккөз: Ahram 

Метки: Мысыр

Так же вам может быть интересно